«Интерактивті альбом» — қаланың туристік нысандарын тамашалауға мүмкіндік береді

488

Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының бастамасымен өткен жылы «Интерактивті альбом» жобасы іске асқан болатын. Қаланың туристік орындарын визуалды көрсететін альбомда Шымкент қаласының тарихи-мәдени нысандары, ұлы тұлғалар, туризмнің басым бағыттары қарастырылған барлығы 20 нысан енгізілген. Альбом қазақ-орыс және қазақ-ағылшын тілдерінде шығарылған.

Альбом тек қала тұрғындары үшін ғана емес, келуші қонақтар үшін де көрікті жерлермен таныстыратын дүние болып табылады. Оны дайындау барысында түсірілген фото, видео түсірілімдер, мәтін, аударма, дикторлық дыбыстау, сондай-ақ, дизайнын әзірлеу жұмыстары кәсіпқой деңгейде жүргізілген.

Қазіргі таңда қалада жаңа нысандардың пайда болуына орай альбомға ескі қалашық аумағының «Цитадель» қорғаны, туристік «Red bus» сынды жаңа дүниелер енгізіліп, жуық арада жаңарған нұсқада қайта шығарылмақ.

Кәдесый ретінде шығарылған альбомды кез келген азамат «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығынан және Арбат жаяу жүргіншілер алаңындағы ақпараттық дүңгіршекке келіп ұялы телефонға кітапты QR-кодпен сканерлеу арқылы көре алады. Бұл туристерге де қаланы аралау алдында таңдау жасауға мүмкіндік береді.

«Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының мекенжайы: Республика даңғылы, №6А («Shymkent Grand Hotel» қонақ үйі).

Қосымша ақпарат үшін 8701 102 1717, 8702 109 1717 нөмірлеріне хабарласуға болады.