БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ – 2025

163

Сауран ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қарашық ауылдық округі жастарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түсіндірме жұмыстары барысында Қарашық ауылдық округінде жұмсақ жиһаз жасаумен айналысатын Камал Мухитденов мырзамен кездесу ұйымдастырылып, жастардың осы бағдарлама және кәсіп бойынша бағыт бағдар берілді.

«Бизнестің жол картасы – 2025» — жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар экономиканың басым секторларындағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өтеусіз негізде беріледі.

Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы мемлекеттік грант алуға ұсынылған өтінімге байланысты млн теңгеге дейін құрайды.

Мемлекеттік грант қаражатын өзге мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.

Аталған мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалану тәртібін толық түсіндіру, қажетті құжаттарды рәсімдеу, бизнес жоспар әзірлеу, бизнес жоспарды қаржыландыру деңгейіне дейін сүймелдеу мақсатында «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» қызмет көрсетеді.