ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ

2

Бүгін “Жастар ресурстық орталығы” психологы С.Аманкулова жастар арасында кең таралған өзекті мәселелер – өз-өзіне қол жұмсау, құқықбұзушылық, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында үнпарақтар таратылды.

Шара барысында мамандар жасөспірімдердің психологиялық саулығы, қиын жағдайдан шығу жолдары, жауапты мінез-құлық, заң талаптары және репродуктивті денсаулық туралы кеңінен ақпарат берді.

Мақсат — жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және саналы ұрпақ қалыптастыру.

Жастар – біздің болашағымыз. Олардың денсаулығы мен амандығы – басты назарда!

 

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ТҮЛКІБАС ЖАСТАРЫНА НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ.

Түлкібас ауданының ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері Т.Рысқұлов ауыл-округінің жастарына мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, парақшалар таратылды.

Іс-шараның мақсаты:

«Серпін-2050»

«Жастар практикасы»

«Қоғамдық жұмыс»

«Алғашқы жұмыс орны»

«2,5% пайыздық несие»

«Дипломмен ауылға»

«Болашақ» және «ZHAS PROJECT» мемлекеттік бағдарламаларын кеңінен насихаттап, жастарды жеке кәсіп ашуға тарту және бос уақытын тиімді пайдалану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА — ҚОЛАЙЛЫ МҮМКІНДІК

Аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен мемлекеттік бағдарламаларды атап айтқанда Кәсіпкерлік бағыт-бағдар беру 2,5% Ауыл аманаты бағдарламасымен жеңілдетілген несие беру мақсатында Түлкібас ауданы бойынша Жаскешу, Арыс, Ақбиік, Кемербастау ауылдық округ тұрғындарына ғана берілетіні жайлы кәсіпкерлік түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы үнпарақтарын таратты.

Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Жастарды еңбекпен қамтитын түрлі шаралар, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жастарға қолайлы мүмкіндіктер алаңы ашылуда. Білім алып, белгілі бір маман иесі атанған және өз кәсібін ашып шаруасын ілгері жылжытуға ниеттенген жастар үшін мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тұстары мол болмақ.

Документ, перечень бойынша Түлкібас ауданы , Майлыкент а/о, Д.Қонаев 16А мекен жайына келулеріңізді сұраймыз!!!

ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҒЫ – БОЛАШАҚ НЕГІЗІ

Бүгін “Жастар ресурстық орталығы” мамандары Түлкібас ауданы Майлыкент ауылдық округ тұрғындарына үнпарақ таратты.

Қазіргі таңда жастардың денсаулығын сақтау – ең маңызды мәселелердің бірі.

АИТВ індетінің алдын алу – әр жас үшін жауапты қадам.

АИТВ қалай жұғады?

– Қорғалмаған жыныстық қатынас

– Қан арқылы

– Анадан балаға

Ал қалай жұқпайды?

– Құшақтасудан

– Ортақ ыдыстан, тамақтан

– Түртуден, қол алысудан

– Бір бөлмеде болудан

АИТВ ауамен, су арқылы ЖҰҚПАЙДЫ

Алдын алу жолдары:

Қауіпсіз мінез-құлық сақтау

Тұрақты түрде тест тапсырып тұру

Өз денсаулығыңды бақылау

Дұрыс ақпаратқа сену, жалған мифтерге ермеу

Денсаулық – сенің ең үлкен байлығың!

Білімді бол, сақ бол, өзіңді қорға!