“ЗАҢ МЕН ТӘРТІП”

0

«Лудомания – қоғам дерті»

Жастар арасында ойынқұмарлықтың, нашақорлықтың алдын алу мақсатында “Жастар ресурстық орталығы” басшысы Д.Серік және “Руханият орталығы” мамандары бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне Аманкелді Н.М жалпы білім беретін мектептерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Лудомания — адамның психологиялық, әлеуметтік және қаржылық жағдайына айтарлықтай зиян келтіретін тәуелділік түрі. Бұл дерт әсіресе санасы қалыптасу үстіндегі жастар үшін өте қауіпті.

Ойынқұмарлыққа тәуелділік:

— оқу үлгерімінің төмендеуіне ,

— отбасылық қарым-қатынастардың нашарлауына ,

— қаржылық тұрақсыздық пен қарызға батуға ,

— агрессия мен күйзеліске ұшырауға әкелуі мүмкін .

Осыған байланысты жастар арасында түсіндіру-алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Атап айтқанда:

Лудоманияның салдары жөнінде ақпараттық кездесулер ұйымдастырылуда;

Психологтар мен мамандар жастарға кеңес беру жұмыстарын жүргізуде;

Салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытты тиімді өткізуге бағытталған шаралар өткізіліп келеді ;

Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстары күшейтілуде .

Жастарға ойынқұмарлықтың уақытша қызық болғанымен, оның арты ауыр тәуелділікке әкелетінін түсіндіру — қоғамның ортақ міндеті. Әрбір жас өзінің мүмкіндігі мен болашағын бағалап, саналы таңдау жасауы тиіс.

Салауатты ой, дұрыс шешім және жауапкершілік — болашақтың берік негізі.