МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ӘДЕП КОДЕКСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

1

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Орманов Ербол Керімбекұлы аудандағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілермен кездесу өткізді.

Кездесуге аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, ауыл округтерінің әкімдері, бөлімдер мен мекеме басшылары, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Елеусизов Ашим Кабланович ауданда мемлекеттік қызметшілерің әдеп нормаларын сақтауы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, лудомания, ойынқұмарлықтан бас тарту секілді бағыттар бойынша атқарылған профилактикалық жұмыстарды баяндады.

Бүгінгі таңда, Отырар ауданы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 9 атқарушы орган, 13 ауыл округі әкім аппараты мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2025 жылдың есепті мерзімінде мемлекеттік орган қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызметшілердің негізгі құқықтары», «Мемлекеттік қызметшілердің, олардың отбасылары мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері» және т.б мемлекеттік қызметшілердің қорғалуы туралы түсініктемелерлер беру туралы 13 жиын өткен. Жиын барысында бірнеше сауалнамалар алынып, ұсыныс-пікірлер тыңдалған. Жыл басынан бері әдеп жөніндегі уәкіл 9 рет консультативті көмек, 11 жеке және заңды тұлғалар мен 9 рет шығу кездесулері өткен.

Басқосуда Ербол Керімбекұлы қатысушыларға күнделікті қызмет барысында кездесетін әдептік мәселелерді шешу жолдары, азаматтармен қарым-қатынас этикасы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, облыс кесіндісінде мемлекеттік қызметшілердің болмысын (иммиджін) көтеру мақсатында жұмыстар жүргізуді тапсырды. Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау, қызметтік әдептілікті нығайту, жұмыс орнындағы мінез-құлық мәдениеті жайы кеңінен талқыланды.

Кездесу соңында қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар мен пікірлер тыңдалды.