ПІСТЕЛІ АУЫЛЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН «SAUMAL DE LUX» КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРУДЕ

Ауданда туризм саласы қарқынды дамып келеді.
Соның айқын дәлелі – Жаскешу ауылдық округіне қарасты Пістелі ауылында құрылысы басталған “Saumal DE Lux” туристік-сауықтыру кешені.
Бүгін аудан әкімі Асқар Естібаев және мәслихат төрағасы Серғали Сәрсенбаев, аталған нысанның құрылыс барысымен арнайы танысып қайтты.
Кешеннің негізгі бағыты – саумалымен емдеу, жылқы туризмі, табиғат аясында серуендеу, сондай-ақ ұлттық тағамдарды, соның ішінде таба нан мен қолдың майын дайындау дәстүрін жандандыру.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталған.
Жоба 2026–2027 жылдар аралығында 3 кезеңмен жүзеге асады.
1-кезең (2026 жылы) қамтиды. Жалпы ауданы 1280 м² заманауи қонақ үй, 14 стандарт нөмір, 2 VIP нөмір, арнайы мейрамхана 2 VIP кабинка, жазғы алаңша, 3 бірегей типті коттедж аудан тұрғындары мен қонақтарына қызмет жасайды. Әр коттедждің аумағы 160 м² құрайды.
2-кезең (2026–2027 жылдар) аралығында атқарылады.
Бұл кезеңде 1080 м² заманауи спорт кешені, жазғы бассейн, 10 глемпинг, 5 киіз үй, Балық шаруашылығын дамыту, Көкбұлақ өзені үстінен 2 аспалы көпір салу, тау бөктерінде 1,5 км жаяу жүргінші жолын салу жұмыстары жүргізілмек.
Кешеннің алғашқы кезеңі 2026 жылдың наурыз айының екінші жартысында ашылады деп жоспарлануда.
Нысан іске қосылған жағдайда, ауданымыздағы туризм саласы жаңа қарқын алып, өңір экономикасының дамуына да оң ықпал ететіні сөзсіз.








