ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ЖАСАЛҒАН НЫҚ ҚАДАМ!

245

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Сауран ауданының тұрғындары белсенді атсалысып, өз таңдауларын жасады.

Мен өз елімнің бақыты және жас ұрпақтың бақыты үшін өз таңдауымды жасау мақсатында сайлау учаскесіне барып дауыс бердім!

Дауыс беруге асыққан халықтың қарасы көп болды. Халықтың ел тағдырына бей- жай қарамайтындығына және осы сайлаудан кейін елде жаңа өзгерістер болатынына, еліміз одан әрі дамитынына сенімім мол.

Мемлекет басшысын дұрыс таңдау арқылы біз маңызды саяси реформалардың жүзеге асуына өз үлесімізді қосамыз!

Еліміздің дамуы жолында бір болайық, тыныштық пен тұрақтылық басты тұғыр болсын!

Ахметов Сейлхан — Сауран аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы