ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

289

Полицейлердің кәсіби мерекесіне орай Жетісай аудандық полиция бөлімінде жиын өтті. Іс-шарада қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде атқарып, үздік көрсеткіштерге қол жеткізген полицейлер мен ішкі істер органдарының ардагерлері Жетісай ауданы әкімінің, «Аманат» партиясының, мәслихат төрағасының, полиция бөлімі басшысының «Алғыс хат», төсбелгілермен марапатталды.

Полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, қиын да қауіпті, уақытпен санаспайтын қызметтеріне сәттілік, биік абырой тіледі.

Шара соңында учаскелік полиция инспекторы Ильяс Накипбековтың құрметті зейнеткерлік демалысқа шығарып салу рәсімі өтіп, қызметкерге ПБ атынан арнайы құттықтау хат пен сый-сияпаттары табысталды.