САУРАНДЫҚТАР САЙЛАУДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

254

Аудан бойынша 39 сайлау учаскесі бар. Оның 35-і білім беру ұйымдарының базасында орналасқан. Сайлау учаскілері 2022 жылы 20 қараша күні таңғы сағат 7.00-де еліміздің Әнұраны шырқалып өз жұмыстарын бастап кетті. Білім беру ұйымдарында орналасқан сайлау учаскелерінде интернет, байланыс телефондар, бақылау камералары, қосымша электор көздері және тағы да басқа қажетті құрал жабдықтармен қамтылған. Бірінші келген сайлаушыға сыйлықтар берілді. Бөлімге қарасты сайлау учаскілерде концерттік бағдарламалар, кітап көрмесі және кітап сататын дүкендермен бірлесіп жәрменке ұйымдастырылған. Кітап көрмесінде 12 жуық дүкендер, ауыл кітапханалары тартылып, 3000 аса кітап сату жоспарлануда.

Президенттік сайлау науқаны ережеге сәйкес өтуде, тұрғындардың сайлауға келу көрсеткіші жоғары деңгейде.