«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

3

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Түркістан облысы прокуратурасының Үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы Нұрғали Шекербекұлының төрағалығымен «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясындағы маңызды басқосу өтті.

Облыс Покуратурасының бастамасымен өткен шараны аудан әкімінің орынбасары Бақдауір Кәлмен ашып, жүргізіп отырды.

Жиынның мақсаты – пробация есебіндегі азаматтардың құқықтық сауатын арттыру, оларды қоғамға қайта бейімдеу шараларын күшейту және қайталама қылмыстың алдын алу.

Ісшараға, аудан прокуроры Қожабеков Ержан Базарбекұлы және аудандық Полиция бөлімінің бастығы Әбілханұылы Мұрат арнайы қатысты.

Пробация қызметінің жұмыстары және қайта қылмысқа жол бермеу бағытындағы шаралар жөнінде Түлкібас аудандық пробация бөлімінің бастығы Тұрсынбек Балтабекұлы баяндама жасап, түсіндірді.

Сонымен бірге, аудандық «Мансап» орталығының басшысы Ерсұлтан Байбатчаев мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тетіктерін – қайтарымсыз гранттар, жеңілдетілген несиелер, субсидияланатын жұмыс орындары және кәсіптік оқыту бағдарламаларын түсіндіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі