TOLEM-МЕН АВТОБУСТА, САЯБАҚТА, ӨЗГЕ ҚАЛАДА

213

Шымкентте TOLEM картасына бірнеше бағыттарға төлем жасау функциясы енгізілмек. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Сержан Зиябекұлы мәлімдеді. Енді картадағы QR-код арқылы «Қиял әлемі», «Кең баба» саябақтарындағы атракцион қызметі үшін, сонымен қатар, Алматы, Астана қалаларында да автобустарда жолақы үшін төлем жасай алады.

— TOLEM компаниясы өзінің платформасындағы экожүйені және функционалдығын кеңейту, пайдаланушы базасын ұлғайту, клиенттер үшін сервистерді жақсарту, әртүрлі қызмет салаларында цифрландыруға және сервистерді оңтайландыруға жәрдемдесу мақсатында «Open API» озық технологиясын енгізуде. Компанияның серіктестері мен әзірлеушілері енді ашық API арқылы деректерге, компанияның мүмкіндіктеріне және қызметтеріне қол жеткізе алады. Бұл TOLEM платформасымен интеграцияны жеңілдетеді, инновациялық қосымшаларды жасауға және компания өнімдерінің мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады, – деді С.Зиябекұлы.
Шаһарда IT саласын дамыту мақсатында алғашқы «Digital road» IT ассоциациясы құрылған болатын. Қазіргі таңда Ассоциация құрамында 25 IT компаниясы бар. IT Ассоциация өз қызметін 2020 жылдан бері атқарып келеді. Шымкент қаласында тұрғындардың 62 пайызы TOLEM жүйесін қолданады. Сондай-ақ 150 мектепте тегін тамақпен қамтылған оқушылар асханамен қоғамдық көлікте қолданатын TOLEM картасы немесе қосымшадағы динамикалық QR арқылы есеп айырысады.
Айта кетейік, енді картадағы QR-код арқылы «Қиял әлемі», «Кең баба» саябақтарындағы атракцион қызметі үшін, сонымен қатар, Алматы, Астана қалаларында да автобустарда жолақы үшін төлем жасай алады. Шымкентте TOLEM картасына бірнеше бағыттарға төлем жасау функциясы енгізілмек.