СҮТКЕНТ ЖӘНЕ ҰЗЫН-АТА АУЫЛДАРЫНДА ЖАҢА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

7

Шардара ауданындағы Сүткент және Ұзын-ата ауылдарында заман талабына сай жаңа дәрігерлік-амбулатория ғимараттары салтанатты түрде ашылып, ел игілігіне берілді. Бұл нысандар ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.

Жаңа амбулаториялар заманауи медициналық жабдықтармен толық қамтылып, тұрғындарға сапалы әрі уақытылы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Аталған жобалар аудан халқының денсаулығын нығайтып, медициналық инфрақұрылымды дамытуға оң серпін бермек. Нысандардың салтанатты ашылу рәсіміне Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, ауыл тұрғындары мен медицина саласы қызметкерлерін құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде ауылдық жерлерде денсаулық сақтау саласын дамытуға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Іс-шара барысында бірқатар медицина қызметкерлері «Шардара ауданына – 60 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан берілген жедел-жәрдем көліктерінің кілттері салтанатты түрде табысталды.