ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

34

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында биылғы бірінші тоқсанда қыруар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, халықты жұмыспен қамту, кедейлік деңгейін төмендету, әлеуметтік қорғау саласы бойынша нәтижелі жұмыс жүргізіліп, 7 түйінді нысаналы индикаторлық көрсеткіш ойдағыдай орындалды.

Соның ішінде жұмыспен қамту мәселесінің жөні бөлек. Бұл – өте өзекті проблема. Биыл облыста 140,2 мың адамды жұмыспен қамту шараларына тарту көзделуде. Оның ішінде 21,3 мың адамды оқыту бағыттарымен қамту, 118,9 мың жұмыс орнын «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында ашу көзделуде. Ал, оның бағыттары қандай болмақ? Атап айтқанда, 74,1 мың адамды тұрақты жұмыс орындарына (43,3 мың бос және жаңа жұмыс орны, 22,6 мың жұмыс орын «10 мың тұрғынға 100 орын» бағдарламасы бойынша, 989 орын инфрақұрылымдық жобаларда ашылатын жаңа жұмыс орындары) жолдау жоспарлануда. Бұдан өзге 44,8 мың адам уақытша жұмыс орындарына (42,1 мың субсидияланған уақытша, 2,7 мың инфрақұрылымдық жобаларда ашылатын жұмыс орындары) жіберіледі. Ал, 7,2 мың адамға кәсіпкерлік бастамалары үшін грант және шағын несие (1,8 мың адамға грант беру, 4,8 мың «Ауыл аманаты» аясында ашылатын жұмыс орны, 621 жас кәсіпкерге шағын несие) беріледі.

Облыс әкімінің шешімімен биыл 13 ақпанда «Өңірдің жұмыспен қамту картасы» бекітілген болатын. Биылғы 1 сәуірге дейін өңірлік карта аясында жалпы 38 433 жұмыс орны (11 884 орын тұрақты, 26 549-ы уақытша) ашылды. Оның ішінде 3 201 тұрақты жұмыс орны «10 мың тұрғынға 100 орын» бағдарламасы бойынша ашылды. Сонымен қатар, ұлттық жобалар мен тұжырымдамалар негізінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалар бойынша «Электрондық еңбек биржасы» арқылы 3 671 жұмыс орнын ашу жоспарланып, нақты 46 жоба бойынша 172 жұмыс орны іске қосылды. 139 адамға электрондық еңбек келісімшарты түзіліп, 59 адамға зейнетақы аударымдары төленген.

ҚР «Еңбек нарығын дамытудың 2024–2029 жылға дейінгі тұжырымдамасына» сәйкес биыл облыста бос және жаңа жұмыс орындарына 43 250 адамды жолдау көзделген-ді. Осы мерзім ішінде нақты 8 611 адам тұрақты жұмысқа жолданып, оның 85%-ына зейнетақы аударылды, 90%-ымен электрондық еңбек келісімшарты түзілген. Субсидияланған жұмыс орындарына жалпы 26 504 адам қатысуда, оның ішінде 15 556-сы жаңадан жолданса, 10 948 адам 2023 жылдан өтпелі. Жылдық жоспар 63%-ға орындалған.

Жаңадан жолданған азаматтардың арасында 10 859 адамға немесе 70%-ына міндетті зейнетақы жарнасы (МЗЖ) аударылып, 15 073 адаммен (97%)   электрондық еңбек келісімшарты түзілген.

Биыл 21 295 жұмыссызды кәсіптік және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланып, өткен қаңтар, ақпан айларында нақты 2 675 адам (1 240 адам онлайн, 1 435 адам «Бастау бизнес» жобасы бойынша) оқыды. Әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар үшін жаңа бизнес-

идеясын дамытуға 1 793 адамға грант беру көзделген болатын. Гранттарды 2 лек шеңберінде беру жоспарланып, алғашқы легі бойынша өтінімдерді қабылдау 8 сәуірде басталды. Жас кәсіпкерлерге жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2,5 пайызбен 5 млн. теңгеге дейін жеңілдетілген несие беру мәселесі қолға алынғаны белгілі. Осы орайда 621 адамға 3 105 млн. теңгенің шағын несиесін беру жоспарланды.

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша 4 803 жұмыс орнын ашу жоспарланып, оның ішінде 1 600 адам шағын несие алса, олардың есебінен құрылған кооперативтерге 1 724 адам жұмысқа орналасады. 1 479 адам жоба іске асырылатын ауылдардағы бос жұмыс орындарына жолданады.

 

Әсия ТЕМІРБАЕВА,

облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы.