ШАРДАРАЛЫҚТАРДЫҢ ҚОС БІРДЕЙ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

8

Түркістан облыстық «Фараб» әмбап ғылыми кітапханасының концерттік залында балаларға арналған «Ақылдыммен ақылдымын» облыстық байқауы өтті. Іс-шара Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, республикалық «Ақылдым» балалар журналының бастамасымен және «Фараб» әмбап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Аудандарда өткен іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша Түркістан облысының 18 ауданынан үздік деп танылған оқырмандар ақтық сынға жолдама алды. Аталған байқауда Шардара ауданынан аудандық «Оқушылар үйінің» 6-сынып оқушысы Махкамбай Назерке Жанибекқызы қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, байқау қорытындысы бойынша Шардара аудандық орталық кітапханасы «Үздік көрме» номинациясын жеңіп алып, аудан мерейін үстем етті.

Сонымен бірге, Түркістан қаласында өткен «Тәуелсіздік рухы» республикалық өнер байқауында Шардара аудандық балалар саз мектебінің оқушысы Бердіқұл Аяла Бегалықызы Гран-при жүлдесін иеленіп, 2026 жылы Алматы қаласында өтетін байқауға жолдама алды.

Өнерлі шәкіртті тәрбиелеп, жарысқа дайындаған ұстазы Байбахова Кенжеқыз Серікбайқызын да шын жүректен құттықтаймыз!

Жерлестеріміздің жетістіктері арта берсін!