АУДАН ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиынға қала, ауыл әкімдері мен мекеме, бөлім басшылары қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков баяндамасында ауданның негізгі көрсеткіштеріне тоқталып, орындалу барысын баяндады.
Арман Романұлы көрсеткіштерді жақсарту бағытында жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар әкімнің орынбасары Жұмасұлтан Бердешов су үнемдеу технологиялары — тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелерінің тиімділігі туралы кеңінен ақпарат берді.
Жиын соңында аудан әкімі жұмыс қарқынын күшейтіп, үйлесімді әрекет етуді, әр тапсырманың орындалуын жіті бақылауда ұстауды қатаң тапсырды.







