КЕЗЕКТІ ЛЕЗДЕМЕЛІК МӘЖІЛІС ӨТТІ

4

Бүгін қала әкімі аппаратының басшысы Қуаныш Әлібековтің төрағалығымен алдағы мереке күндері қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жиын өтті.

Жиынға қала әкімдігіне қарасты коммуналдық мекеме басшылары мен сектор жетекшілері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес, ішкі саясат бөлімінің басшысы Шоқан Тоймахан баяндама жасап, мерекелік күндерге дайындық аясында атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат ұсынды.

Сонымен қатар, Түркістан қалалық Полиция басқармасының өкілі Самат Құлбайымбетов қосымша баяндама жасап, мереке және демалыс күндері қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүргізілетін іс-шаралар туралы баяндады.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі аппаратының басшысы Қуаныш Әлібеков мерекелік және алдағы демалыс күндері қала аумағында қоғамдық тәртіптің, азаматтардың қауіпсіздігінің және заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету бойынша жауапты мекемелерге бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.