ТҮРКІСТАНДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

5

Түркістан облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен тұрғындарға арналған «Халық заңгері» қоғамдық қабылдауы өтті. Шараға жергілікті атқарушы органдар мен уәкілетті мемлекеттік ұйымдардың мамандары қатысып, 30-дан астам азаматтың мәселелері қаралды.

«Халық заңгері» – тұрғындарға тегін және қолжетімді құқықтық көмек көрсетуді, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруды көздейтін маңызды бастама. Қабылдау барысында азаматтар прокуратура, полиция және тиісті мемлекеттік органдар мамандарынан кәсіби заңгерлік кеңес алып, өз мәселелері бойынша нақты түсініктемелер мен құқықтық қолдау алды.

Алдағы уақытта аталған акцияны тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр, бұл өз кезегінде азаматтармен кері байланыс сапасын арттыруға және құқықтық мәдениетті күшейтуге ықпал етеді.