ҚАЛА АУМАҒЫНДА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

9

Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы Қуаныш Әлібековтің төрағалығымен өткен жиында қаланың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің деректеріне сәйкес, ағымдағы жылы қала аумағындағы 200 бейнебақылау камерасы толық жаңартылып, қосымша 210 жаңа бейнебақылау камерасы орнатылды.

Сонымен қатар, 2026 жылы тағы 275 бейнебақылау камерасын орнату жоспарлануда. Жаңа құрылғылар адамдар көп жиналатын аумақтарға, жаяу жүргіншілер қозғалысы жоғары аймақтарға және жарықтандыру деңгейі төмен учаскелерге орналастырылатын болады.

Аталған шаралар Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін күшейтуге, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және қылмыстың алдын алу тиімділігін арттыруға ықпал етеді.