КЕНТАУДА ЭНЕРГЕТИКТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ САЛА МАМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

8

Бүгін Кентау қаласында нағыз жауапты әрі кәсіби біліктілікті қажет ететін Энергетиктер күні аталып өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов және қала әкімі Жандос Тасов, бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты.

Сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, қаланың тұрақты дамуы мен тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырудағы маңызын атап өтті. Осы салада табанды еңбек етіп жүрген бірқатар еңбек адамдарына және сала ардагерлеріне құрмет көрсетті.

Атап айтқанда, мекеменің бірқатар қызметкерлеріне «Еңбек сіңірген энергетик», «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері мен облыс және қала әкімінің алғыс хаттары табысталды. Мекеме қызметкерлерінің адал еңбегі мен кәсіби жауапкершілігіне ризашылық білдірілді.

Сонымен қатар, салтанатты жиын барысында қызметкерлерге арналған арнайы сый-сияпаттар тарту етіліп, қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары мерекелік концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Энергетиктер – әрбір шаңырақты жарықпен және жылумен қамтамасыз ететін қажырлы еңбектің иелері. Мұндай шаралар энергетика саласы мамандарының еңбегін дәріптеп, олардың қызметіне деген құрметті арттыруға бағытталып отыр.