КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

7

Бүгін Кентау қаласына Түркістан облысының Әдеп жөніндегі уәкілі Ербол Орманов іссапармен келді. Іс-шара облыстық деңгейде бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі әдеп талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталды.

Жиынға қала әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтық қызметшілер қатысты.

Кездесу барысында Ербол Керімбекұлы қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптары, қызметтік қарым-қатынас мәдениеті және азаматтармен жұмыс жүргізу барысында сақталуы тиіс нормалар жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің беделін арттыру, барлық қызметкерлер үшін ортақ әдеп талаптарын сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу және қызметтік этиканы жетілдіру бағытында нақты ұсыныстарын жеткізді.