ОРДАБАСЫДА 4 ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

21
▪️Түркістан облысында тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік нысандардың құрылысы қолға алынып, ел игілігіне берілуде.
▪️Бүгін Ордабасы аудандағы Қараспан ауыл округіне табиғи газ желісі тартылып, Мәдениет, Жұлдыз, Ынтымақ, Жаңатұрмыс елді мекендерінде газдандыру нысаны іске қосылды. Нәтижесінде 150-ге жуық абонент «көгілдір отынға» қол жеткізді.
▪️Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Азат Оралбаев қатысып, тұрғындарды нысанның іске қосылуымен құттықтады. Ауылдарды табиғи газбен қамту – Мемлекет басшысының халықты сапалы инфрақұрылыммен қамту жөніндегі тапсырмалары аясында іске асырылып жатқан жүйелі жұмыстардың нақты нәтижесі екенін атап өтті. Шараға ауыл ақсақалдары, қоғам белсенділері мен жергілікті тұрғындар жиналып, тарихи сәттің куәсі болды. Ауыл тұрғындары ел игілігі жолындағы атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдірді.
▪️Айта кетейік, қазіргі таңда Ордабасы ауданы бойынша 42 елді мекен табиғи газбен қамтылып, бұл көрсеткіш 73,6 пайызды құрап отыр. 2026 жылдың аяғына дейін Шұбарсу ауылының тұрғындарын толық көгілдір отынмен қамту жоспарлануда. Шұбарсу елді мекенін табиғи газбен қамту құрылысы 4 кезеңмен іске асырылып жатыр. Одан бөлек, 5 елді мекенді газдандыру бойынша (Бадам, Дербес, Ақбұлақ, Қалаш, Дихан) жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде.