ТҮРКІСТАНДЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫ ҚОЛДАЙДЫ

30


Түркістандық этномәдени бірлестік өкілдері Ата заңды қолдап, өз пікір білдірді. “Достық” үйінде бас қосты.
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың төрағалығымен этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар және «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемелері өкілдерінің қатысуымен конституциялық реформа мәселелеріне арналған кеңес өтті.

Кеңеске Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әбдіқұлов Созақбай Исаұлы, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Жанғазиева Эльмира Ұласбекқызы және облыстық «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері мен ҚХА мүшелері ZOOM арқылы қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесу барысында елдегі қоғамдық келісімді нығайту, халық пен билік арасындағы өзара сенімді арттыру және стратегиялық даму бағыттарын айқындау мәселелері сөз болды. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтудағы рөлі атап өтілді.

Жиында Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Чалданов Зуппархан Субатұлы баяндама жасап, Қазақстанның Халық Кеңесін құру бастамасының маңыздылығына тоқталды. Ол жаңа консультативтік орган халық пікірін жүйелі ескеруге, қоғамдық диалогты дамытуға және мемлекеттік шешімдердің сапасын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Сонымен қатар, реформалар аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының заң шығару бастамасы құқығымен Халық Кеңесінің құрамына енуі қоғамдық және этностық топтардың мүдделерін кеңінен танытуға мүмкіндік беретіні айтылды. Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары мен этномәдени бірлестіктері жаңа форматтағы жұмысқа белсенді қатысатыны жеткізілді.

Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары мен этномәдени бірлестіктері елдегі конституциялық реформаларды қолдай отырып, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.

ҚоғамдықКелісім #ҚХА #КонституциялықРеформа #Бірлік #ТүркістанОблысы