ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛЫП СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

21

Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы көпбейінді аудандық орталық ауруханада салмағы 6015 грамм ал бойы 63 см болатын алып сәби дүниеге келді.

Дәрігерлер кеңесінің шешімі бойынша ана кесар тілігі арқылы босанған. Ота сәтті аяқталып, бүгінде ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде дәрігерлердің бақылауына алынған.

Бұл – ақ халаттылардың кәсіби біліктілігі мен жанашыр еңбегінің нәтижесі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі