ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

13

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар Түркістан қаласындағы №28 мектепте орналасқан №931 дауыс беру учаскесіне барып, дауыс берді.

«Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы — халықтың белсенді азаматтық ұстанымына тікелей байланысты. Референдум – әр адамға елдің болашағына қатысты маңызды мәселелер бойынша өз таңдауын жасауға мүмкіндік беретін саяси тетік. Мұндай процестер азаматтардың пікірін ескеруге және қоғамдағы ортақ шешімдерді қалыптастыруға жол ашады. Әрбір дауыс мемлекет дамуының бағытын айқындауға ықпал етуі мүмкін. Сондықтан референдумға қатысу – тек құқық емес, сонымен қатар азаматтық борыш» — деді әуежай қызметкері Әбілда Арыстанов.

Айта кетейік, Түркістан қаласы бойынша республикалық референдум өткізу үшін 65 референдум учаскесі ұйымдастырылған. Барлық учаскелерде дауыс беру үдерісі заң талаптарына сәйкес жүргізіліп, тұрғындардың еркін таңдау жасауына толық жағдай жасалған.

referendum #түркістан