ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Түркістан қаласы бойынша тұрғындарды арзандатылған азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде жәрмеңкелер өтуде. Бүгінгі жәрмеңке «Отырар» секторында ұйымдастырылды. Онда Төлеби, Түлкібас, Сарыағаш және Отырар аудандарының шаруаларының өнімдері, сондай-ақ Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ-ның тұрақтандыру қоры арқылы 55 тоннаға жуық азық-түлік ұсынылды.
Жәрмеңкеде ет және сүт өнімдері, жұмыртқа, көкөністер, жеміс-жидектер мен күнделікті тұтынуға қажетті өзге де азық-түлік тауарлары сатылымға шықты. Сауда сөрелеріне қойылған тауарлар тікелей өндірушілерден жеткізіліп, нарықтағы бағадан 30-50 пайызға дейін төмен бағамен сатылды.
Аталған жәрмеңке тұрғындарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берді. Дәстүрге айналған мұндай әлеуметтік жәрмеңкелер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Сонымен қатар, бұл шара жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынуға мүмкіндік берді.
turkistan














