РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ДЕПУТАТТАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

17

Елімізде өтіп жатқан республикалық референдум аясында Отырар аудандық мәслихатының депутаттары Бекзат Тукеев пен Нұржан Орынбасар өздерінің азаматтық белсенділіктерін танытып, сайлау учаскелеріне барып дауыс берді.

Халық үшін маңызды саяси науқанға бейжай қарамай, депутаттар өздері тіркелген сайлау учаскелерінде дауыс беріп, ел болашағына қатысты өз таңдауларын жасады. Олар референдум – мемлекеттің дамуына, қоғамның болашағына әсер ететін маңызды қадам екенін атап өтті.

Депутаттардың айтуынша, мұндай жалпыұлттық шаралар әрбір азаматтың жауапкершілігін арттырып, елдің тағдырына бейжай қарамай, ортақ іске үлес қосуға мүмкіндік береді.

Референдум күні аудан тұрғындары да сайлау учаскелеріне белсенді түрде келіп, өз таңдауларын жасауда. Бұл – халықтың ел болашағына деген жауапкершілігінің айқын көрінісі.