“ҚАЙНАРБҰЛАҚҚА ЖАРЫҚ КЕЛДІ…”

105

Шымкенттің шетіндегі Қайнарбұлақ ауылының халқы күні кешеге дейін электр жарығына жарымай келді. Әсіресе, әріректегі ”Жаңатұрмыс” ауылында тұратын Тұрлан Салиховтың “свет жоқ” деген жанайқайын 2022 жылы қазан айында қала әкімі Әйтенов пен мәслихат депутаттарының алдына мәселе етіп жазған едім. Шүкір! Еститін әкім, жұмыс істейтін билік бар екен. “Электр жарығы келді, сүйінші!”- деп, Тұрлан Салиховтың келіншегі Дина мен көрші-қолаңдары қуанып, электр бағаналары орнатылған мынау видеоны телефонмен жолдап жатыр. “Жанайқайға құлақ асып, электр жарығын сыйлаған қала әкімі Мұрат Әйтеновке мың рахмет! Енді көпшілікке көгілдір отынды да қосып берсе, тіпті тамаша болар еді”-дейді қуанған тұрғындар.

Ерсұлтан Әмірбек
Журналист