ТАНЫМАЛ ӘНШІ ТӨРЕҒАЛИ ТӨРӘЛІ РЕФЕРЕНДУМДА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Бүгінгі маңызды саяси науқан аясында жуырда Түркістан қаласына қоныс аударған танымал әнші Төреғали Төрәлі де өз азаматтық міндетін орындап, референдумға қатысып, дауыс берді.
Өнер иесі дауыс беру арқылы ел болашағына бейжай қарамайтынын білдіріп, тұрғындарды қоғамдық-саяси өмірге белсенді атсалысуға шақырды. Оның айтуынша, мұндай маңызды сәттерде әрбір азамат өз таңдауын жасап, елдің дамуына үлес қосуы қажет.
Бұл күні Түркістан қаласында өтіп жатқан референдумға қала тұрғындары ерекше белсенділік танытып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде.















