Биыл Қарабастау тұрғын алабында электр жарығы мәселесі шешіледі
Шымкент қаласының Еңбекші ауданына қарасты Қарабастау тұрғын алабы 2021 жылдың соңына дейін сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
Мердігер мекеме «Ынтымақ Бес Арыс» ЖШС тұрғын алапта 2020 жылдың қараша айында құрылыс жұмыстарын бастаған болатын. Бүгінде 200 электр бағаны орнатылды. Яғни, құрылыс жұмыстарының 40 пайызға жуығы аяқталды.
Құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың қазан айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Содан кейін «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен әр үйге жеке есеп шот ашып, электр қуатына қосу жұмыстары жүргізілетін болады.