ТҮРКІСТАНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА «ЭКО-ТРАК» ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

25

Түркістан қаласындағы №32 «Келешек» мектебі алаңында «Эко-Трак» жобасы таныстырылды. Бұл – «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі. Жоба – «Катко» компаниясының бастамасымен Созақ ауданының 5 мектебінде «Жасыл мектеп» бағдарламасы аясында жүзеге асады. Мобильді жобаның ресми таныстырылымы өткен шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, «Жасыл мектеп» жобасының негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов және мектеп оқушылары қатысты. Іс-шарада облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы жобаның маңыздылығына тоқталды.

– Бүгінде экологияны сақтап, қоқыс қалдықтарын іске жарату аса маңызды іс. Осыған орай аталған жоба қалдықтарды сұрыптау және қоқысты бөлек жинау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Бүгінде бағдарлама Қазақстанның бірнеше қаласында сәтті жұмыс істеп жатыр және мемлекеттік деңгейде қолдау тапқан. Бұл жоба енді Созақ ауданына да іске асады. Аудан оқушылары қалдықтарды қайта өңдеу процесін өз көзімен көріп, экологиялық мәдениетті іс жүзінде үйрене алады, – деді ол.

Айта кетейік, іс-шарада Түркістан қаласынағы №32 «Келешек» мектебінің оқушыларының дайындаған өнімдерінің көрмесі өтті. Атап айтқанда, бейнелеу өнері және қолөнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.