ТҮРКІСТАН: МАМАНДАР ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Түркістан облысында биыл 50-ден астам жаңа коммуналдық жағажай ашу жоспарлануда. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қайрат Алиханов мәлімдеді.
«Түркістан облысы аумағындағы су айдындарының қауіпті жерлерінде жүздеген ескерту белгілері мен ақпараттық стендтер орнатылып, тұрғындар арасында қауіпсіздік талаптарын түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында Түркістан су спорт кешенінде жүзуге үйрету сабақтары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жеке бассейн иелерімен бірлесіп, көпбалалы және әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың балаларын тегін жүзуге үйрету жұмыстары жалғасуда. Су айдындарында полиция қызметкерлері, шекара қызметі, Ұлттық ұлан, орман шаруашылығы мамандары, еріктілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен тұрақты бақылау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, халық арасында түсіндіру және алдын алу шаралары қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, арнайы шомылу орындарын көбейту және каркасты бассейндер орнату арқылы тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы демалуына жағдай жасау көзделген. Шомылу маусымы кезінде ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмай, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз» — деп баяндады сала маманы.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
ТУРКЕСТАН: СПЕЦИАЛИСТЫ ПРИЗЫВАЮТ СОБЛЮДАТЬ МЕРЫ БЕЗОПАСНОСТИ ВО ВРЕМЯ КУПАЛЬНОГО СЕЗОНА
В Туркестанской области в текущем году планируется открыть более 50 новых коммунальных пляжей. Об этом на брифинге сообщил заместитель начальника Департамента по чрезвычайным ситуациям Туркестанской области Кайрат Алиханов.
«В опасных местах водоёмов на территории Туркестанской области установлены сотни предупреждающих знаков и информационных стендов, усилена разъяснительная работа среди населения по соблюдению требований безопасности. В целях повышения безопасности детей в Туркестанском водно-спортивном комплексе организованы занятия по обучению плаванию. Кроме того, совместно с владельцами частных бассейнов продолжается работа по бесплатному обучению плаванию детей из многодетных и социально уязвимых семей.
На водоёмах на постоянной основе проводятся профилактические и контрольные мероприятия с участием сотрудников полиции, пограничной службы, Национальной гвардии, специалистов лесного хозяйства, волонтёров и представителей средств массовой информации. Также среди населения активно реализуются разъяснительные и профилактические меры.
Наряду с этим предусматривается увеличение количества специально оборудованных мест для купания и установка каркасных бассейнов, что позволит создать безопасные и комфортные условия для отдыха жителей. В период купального сезона призываем родителей не оставлять детей без присмотра и строго соблюдать меры безопасности», — отметил представитель ведомства.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области.














