“АЙБЫН-2026” ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫ БАСТАЛДЫ

125

⁣⁣Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен “Ақтас” оқу орталығының базасында техникалық, кәсіптік және орта білім беру мекемемелері арасында «Айбын» әскери-патриоттық сайысы өтуде. 5-6 мамыр аралығына жоспарланған дәстүрлі сайыс жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Биылғы әскери-патриоттық жарысқа қаладағы 16 колледжден 100 шәкірт қатысып жатыр. Іс-шараның мақсаты – жастардың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне деген оң көзқарасын қалыптастыру, олардың дене дайындығын арттыру және әскери-қолданбалы дағдыларын жетілдіру.⁣⁣⠀
Сонымен қатар, сайыс өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сана, жауапкершілік және тәртіптілік қасиеттерін дамытуға бағытталған.⁣⁣⠀
Қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы Азамат Парманов сайысты ашып беріп, жиынның маңызына тоқталып өтті. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
– Дәстүрге айналған «Айбын-2026» сайысы – жастарды әскери-патриоттыққа тәрбиелеудің заманауи форматы. Ол тек спорттық жарыс емес, сонымен қатар, жас буынның азаматтық жауапкершілігін арттыруға, елге қызмет етуге деген құштарлығын арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік жоба. Жылдан жылға қатысушылар саны да артып келеді. Командаларға сәттілік тілейміз, – деді басқарма басшысы.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Сайысқа техникалық, кәсіптік және орта білім беру мекемемелерінің студенттері қатысады. Әр команда 6 адамнан (4 ұл, 2 қыз) құралады.⁣⁣⠀
Сайыс бағдарламасы бойынша олар белтемірге тартылу, денені көтеру жаттығулары, АК-74 автоматын бөлшектеу және жинақтау, саптық дайындық, кедергілер жолағынан өту сынды сайыстарда бақ сынайды.⁣⁣⠀
Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар I, II, III орындармен марапатталып, арнайы кубоктар мен дипломдарға ие болады. Сонымен қатар, ерекше көзге түскен 30 жас сарбаз арнайы номинациялармен марапатталады.⁣⁣⠀

Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, олардың бойында жауапкершілік, батылдық пен елге деген сүйіспеншілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында «Айбын-2026» әскери-патриоттық сайысы басталды.

Аталған сайысқа әскери-патриоттық бағыттағы білім мен тәрбие алған жасөспірімдер қатысып, өздерінің білімдерін, шымырлығы мен ептілігін сынайды. Байқау барысында қатысушылар әскери дайындық, саптық жүріс, алғашқы медициналық көмек көрсету, спорттық жарыстар және басқа да бағыттар бойынша бақ сынайды.

«Айбын» әскери-патриоттық сайысы – жастар арасында әскери қызметтің маңызын насихаттап, Отан қорғауға деген жауапкершілікті арттыратын маңызды шара. Сайыс барысында қатысушылар тек өзара күш сынасып қана қоймай, ұйымшылдық пен командалық жұмыстың маңызын түсінеді.

Жарысқа қатысушылар жоғары дайындықтарын көрсетіп, әр кезеңде өз командаларының намысын қорғауға бар күш-жігерін салуда. Мұндай іс-шаралар жастардың дене дайындығын жетілдіріп қана қоймай, олардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Әскери-патриоттық тәрбие – ел болашағы үшін маңызды бағыт. Себебі бүгінгі жас – ертеңгі ел қорғаны. Отанын сүйетін, елінің тарихын құрметтейтін және жауапкершілігі жоғары азаматтарды тәрбиелеу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

«Айбын-2026» сайысы жастарға жаңа тәжірибе жинақтап, өз мүмкіндіктерін көрсетуге жол ашады. Жеңіс үшін күрескен әрбір қатысушы – табандылық пен патриотизмнің үлгісін көрсетіп келеді.