СОЗАҚ: СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0
12

«Әділет» партиясынан Түркістан облыстық мәслихатына бірмандаттық сайлау округі бойынша үміткер Рахманбердиев Азамат Ғазизұлы және Созақ аудандық мәслихатының №3 сайлау округі бойынша кандидаты Нұрланов Базарбай Нұрланұлы аудандық спорт саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесуге сайлауалды штаб жетекшісі Талғат Сейдахметұлы мен штаб мүшесі Нағашбек Тасқынов қатысты.

Жиын барысында кандидаттар спорт саласының өкілдеріне өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі жоспарлары мен алдағы міндеттерін баяндады. Сонымен қатар «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына тоқталып, партияның ел болашағына бағытталған бастамаларын түсіндірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген негізгі міндеттер мен басым бағыттар кеңінен сөз болды. Атап айтқанда, ел экономикасын дамыту, әлеуметтік саланы жетілдіру, адами капиталды нығайту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне назар аударылды. Жолдауда көтерілген бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорт инфрақұрылымын жетілдіру бағыттарының маңыздылығы атап өтілді.

Атап айтқанда, бұқаралық спортты дамыту, спорттық инфрақұрылымды жетілдіру, балалар мен жасөспірімдердің спортпен жүйелі айналысуына жағдай жасау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және сала мамандарын қолдау мәселелері қозғалды.

Кездесу барысында спорт саласы қызметкерлерінің қоғамдағы орны мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы атап өтілді. Қызметкерлер тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, кандидаттар алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.

Мұндай кездесулер сайлаушылармен тікелей байланыс орнатып, партияның сайлауалды бағдарламасы мен кандидаттардың негізгі ұстанымдарын кеңінен түсіндіруге мүмкіндік береді.

Қазақстан #Әділет #ӘділетПартиясы #ӘділеттіҚазақстан #ПартияӘділет