Cаладағы өзекті мәселелерді талқылау жиыны өтті

386

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов орталық мемлекеттік органдарға қарайтын аумақтық департаменттердің жұмысымен танысу және саладағы өзекті мәселелерді талқылау жиындарын өткізуде.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жұмыстары туралы мекеме басшысы Әбдіманап Тулебаев баяндады.

Департамент басшысы бірінші жартыжылдықта қала тұрғындары арасында аса қауіпті инфекция түрлері бойынша қолайсыз ахуал тіркелмегенін айтты. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қызылша 873 жағдайға, менингококты инфекция 6 жағдайға, ботулизм 7 жағдайға, жіті вирусты гепатиттер 3,5 есеге, соның ішінде вирусты А гепатиті 18,4 есеге, тұмау 25 жағдайға, қышыма 34,7%-ға, энтеробиоз 20,5%-ға төмендегенін мәлімдеді.

Перзентханаларда жаңа туған нәрестелерді В вирусты гепатитіне қарсы вакцинациямен қамту 95,7 пайызға орындалса, туберкулезге қарсы вакцинамен қамту көрсеткіші 95,6% орындалған.