ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ САПАЛЫ ЖҮРГІЗІЛУІ ТИІС

11

Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы ауданда салынып жатқан тұрғын үй құрылысының сапасын бақылау мақсатында Мыңшұңқыр елдімекені мен Шәуілдір ауылындағы жаңа тұрғын үй алабына арнайы барып қайтты.

Аралау барысында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлермен кездесіп, құрылыстың сапалы және мерзімінде жүргізілуін ескертті. Сондай-ақ құрылыс нысанындағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігін айтқан аудан әкімі жауапты сала басшыларына тиісті жұмыстарды бақылауда ұстауды тапсырды.

Бүгінде Отырар ауданында тұрғын үй кезегіне 2374 азамат тіркелген. Оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары санаты бойынша — 751, көпбалалы отбасылар тобы — 800, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша 50, мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар – 771, апатты жағдайдағы тұрғын үйлер санаты бойынша – 2 азамат бар.

Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы 4 қабатты 32 пәтерлі 1 тұрғын үйдің және Шәуілдір ауылынан 2 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.