Жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда

412

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында жылыту маусымына дайындық шаралары жалғасуда. Осы орайда аудан әкімі Рашид Мыңбаев Байтұрсынов, Әбдіразақов,Төле би, Иляев, Жангелдин көшелерінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерге барып, тұрғындармен тілдесті. Кездесу барысында күн суытып, тұрғындардың төтенше жағдайларға тап болмауы үшін ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, тұрғын үйлерде жылыту маусымына дайындық жұмыстарын оңтайландыру мақсатында сервистік қызмет көрсететін мекемелермен келісім- шарт жасалды. Аталған құжатқа сәйкес мекеме тұрғын үйлердің жылыту жүйесін қысыммен тексеру және жуу, вентильді жөндеу, тығыздамалардың төсемдерін ауыстыру, жылыту жүйесін жоспарлы профилактикалық тексеру жұмыстарын ұдайы жүргізіп отырады.

Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында 615 жылу қабылдайтын көпқабатты тұрғын үй тіркелген. Оның 298-і  жылыту маусымына дайын.