“ДЕПУТАТТЫҢ ПЫШАҒЫ ЕМЕС, ҚҰШАҒЫ КЕРЕК..”

556

Қарапайым халыққа біздіңше “пышағын” ала жүгіретін, қодараңдаған депутат керек емес, құшағы ашып депутат керек. Халқының қасынан табылып, арыз-шағым мен ұсыныс-тілегіне уақтылы құлақ асқан депутатты ел-жұрт әрдайым жақсы көріп, жылы қабылдайды. Шымкент халқы Талғат Балтабаевты журналист-депутат деп құрметтейді. Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, “Nur Otan” партиясы фракциясының мүшесі Талғат Балтабаев қоғамдық диалогқа әрдайым дайын. Ол оны сөзбен талай рет айтып жүргені белгілі. Нақты іспен де көрсетіп «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде де бірнеше рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Енді өз округіндегі тұрғындар үшін әркез іздегенде табылу үшін өзінің қоғамдық қабылдау бөлмесін ашты. Халықтың үніне құлақ түріп, олар көтерген мәселенің шешілуіне ықпал ету мақсатында ашылған депутаттың қоғамдық қабылдау бөлмесі «Аманат» бизнес орталығы (Бәйдібек би 80) ғимаратында орналасқан. Өз кезегінде Талғат Балтабаев Шымкент қаласы мәслихатының депутаты ретінде өз қабылдау бөлмесінде алғашқы қабылдауын өткізіп үлгерді. Оған келген азаматтар депутаттың олар көтерген мәселені бақылауға алып, оң шешілуіне ықпал ететіні үшін алғысын білдірді.
Әр депутат Талғат Балтабаев секілді елмен біте қайнасып бірге болса, оны қашанда құрмет тұтпақ! Мен үшін елдің ықыласынан артық ештеңе керек емес-дейді Талғат Балтабаев.

Ерсұлтан Әмірбек
Журналист