Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары: АУЫРМАҢЫЗДАР
Эпидахуалдың күрделенуіне байланысты Шымкент қаласындағы #2 клиникалық аурухананы 10 шілдеде Инфекциялық стационарға айналдыруға тура келіп еді.
Жағдай тұрақталып келе жатқан соң, Инфекциялық стационар жабылып, аурухана қалыпты жұмысына көшіп, жоспарлы науқастарды қабылдай бастады.
#2 клиникалық ауруханаға арнайы барып, ұжымына алғыс айттым. Аз уақыттың ішінде Инфекциялық стационарға айналып, екі айдан астам қызмет етті. 2 мыңға жуық науқасты емдеп шықты.
Қазіргі таңда Шымкентте 675 науқас ковидтен емделіп жатыр, оның ішінде 130 адам жансақтау бөлімінде.
Күні кеше қалада 7 362 адам вакцина салдырды. Ковид жұқтырғандар саны кеше 43 адам болды.
Ауырмаңыздар.