ОТБАСЫ, ҚОҒАМ – БАЛА ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ОРТА

815
Ш. Уәлиханов атын­дағы мектеп-гим­назия-сында аудандық адами әлеуетті дамыту бө­лімінің ұйым­дасты­руы­мен «От­басы, қоғам-бала тәр­биесін қа­лып­­тас­ты­ратын орта» та­қы­ры­бында сы­нып же­тек­шілері мен ата-ана­лар ара­сында кездесу өтті.
Оған аудандық адами әлеуетті дамыту бө­лімінің әдіскері Мұратбек Ұл­тусын, мектеп дирек­торы Шә­діқожа Шол­пан, орталық аурухана психо­логы Өмірзақ Нәзира, ата-аналар кеңе­сінің төр­аға­сы Қо­жагелдиев Асқар қатыс­ты. Оны мек­тептің тәр­бие ісі жөніндегі орын­ба­сары Ізтілеу Алтын­шаш жүр­гізді. Іс-шара пікір сайыс фор­ма­тын­да өтті.
Алғашқы сөз мектеп ди­рек­торы Шәдіқожа Шол­панға берілді. Ол өз сөзінде оқушылардың он­лайн фор­ма­тында оқығанын, бі­раз уа­қыт мектептен алшақтап қал­ғанын, енді офлайнға ауыс­қанда біраз қиын­шылықтар болғанын, енді бәрі реттел­етінін сөз етті.
– Балалардың білімі бәрі­нен де жоғары, алдыңғы қа­тарда болуы тиіс. Оны­мен қоса тәртібі, тәрбиесі де қа­тар жүреді. Бала ұяда не кө­ріп өссе, ұшқанда соны іле­­ді. Бала жақсы ортада өссе, ата-ананың тәрбиесі қатал­дау болса, айнала­сын­дағы дос­тары дұрыс болса, онда ол бала да өзін жақсы ұс­тай­ды. Сондықтан ата-ана­лар, сіз­­дер болып, мек­теп­те ұс­таз­дары бар, тәр­бие ісі жө­нін­дегі, оқу ісі жө­ніндегі орынбасарлары бар, қан­­дай жағ­дай болса да бірлесіп ше­шу­дің жол­дарын қарас­ты­райық.
Әлеу­­меттік желінің да­мы­ған зама­нында мектеп­тегі жағдайлар тура­лы не­ше түрлі теріс ақпарт­тар та­ра­лып жатады. Он­дай ақ­парат­тар­ға сене бермей, ті­ке­лей мектепке келіп, біз­ден сұ­­ра­ңыз­дар.
Ақ қарасын ажыратып алы­ңыздар, — деді ол.
Жиынға қатысқан қонақ­тар өздерінің ойларын ор­та­ға салды. «Отбасы – ұлт­тың тірегі», «Әке қа­дірі» та­қы­рыбында бейнеро­лик­тер көр­сетілді. Сол бойын­ша ұс­таздар, ата-аналар өз ой­ла­рын айтып, бала тәр­бие­сі, баланың бойын­дағы жа­ғым­ды-жағымсыз қа­сие­т­те­рі туралы әңгі­меледі. Ата-ана­лар тара­пынан қойыл­­­ған сұрақ­тарға жауап­­­­ бе­ріл­ді.
Мектептің педагог-пси­­­­­­-холог­та­ры Умарова Жан­­­на мен Тұранқызы Ай­на «От­ба­сында бала тәр­биесі» та­қырыбында тре­нинг ұйым­дас­тыр­ды. Ба­ланың жан­ұядағы және ішкі мәсе­лелерін ашық талқылауға, баланы маза­лап жүрген жағ­дайға тү­сі­ніс­тік­пен қа­рап, сұрап бі­луге, өмірлік мақ­сат құра білуге және орын­дауға талпынуына кө­мек­те­­сі­ңіз деп, психолгтар өз ақыл-ке­­ңес­терін берді.
Мектеп психологы Ай­на Тұ­ран­қызы өз балаңызға жақ­сы көңіл бөліңіз, қа­рым-қа­­­тынаста шыншыл бо­­лы­ңыз және сүйе бі­лі­ңіздер, – деп сөзін қо­рыты­ндылады. Бел­­­сенді қатыс­қан ана­лар мара­патталды.
Би үйірмесінің жетек­шісі Соп­бекова Маржан шәкірті, 9-сынып оқу­шысы Жәмәділ Кәусармен «Тор жор­­ға» биін биледі. Ер­жанұлы Аб­ду­ғазиз «Дос­тарым менің золотой» әнін орындап, келген қона­тар­дың қо­шеметіне бөленді.
Айнұр ҚОЖАГЕЛДИЕВА.