ҮЙДЕГІ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

1091
Отбасын­да­ғы тәрбиенің ма­ңыз­­­ды­лығы ерекше. Бала кіш­кен­т­айын­­да отбасында нені кө­ріп өс­се, есей­­ген­­де сол әре­кет­­­терді қай­­талауы қа­лыпты жағ­дай еке­ні рас.
Тәуел­сіз­дігі­міз­дің 30 жылдығы қар­са­ңында «Ауылда азаматтық бас­та­ма­ларды да­мы­туға бағыт­талған іс-шаралар ке­ше­нін ұйым­дас­тыру» жобасы ая­сын­да аудандық әйелдер ке­ңе­сі­нің төр­айымы мен аудандық мә­де­ниет және тілдерді дамыту бө­лі­мі­нің орталық кітап­ха­насымен бір­лесіп От­басы құн­ды­лықтары, от­ба­сын­да­ғы зорлық-зом­­­­­бы­лықтың ал­дын алу тақы­ры­бындағы жиын Шұбар ауылы әкім­шілік ғима­ра­тында өтті.
Оны Шұ­бар ауылдық кі­тап­хана­сының кітап­­ханашысы Еш­мұрат Әсем ұйым­­­дастырды. Оған аудандық әйел­­­дер кеңесінің төр­айымы Тәй­те­лиева Гүлия, ау­данның құрметті аза­маты, Шұбар ауылдық әжелер алқасының төрайымы Ертай Рым­күл, ауыл­дық ар­дагерлер ке­ңесінің төр­ағасы Тұяқ­баев Ба­тырхан, Жусан­сай ауы­лы­ның тұр­ғы­ны, жур­налист Өмірұлы Абы­лай­­хан, Д.Қо­наев атындағы жал­пы орта мектептің тәрбие ісі жө­ніндегі орынбасары Арыстанбек Жа­нат, аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Еспенбетова Феруза, ауыл­дық аналар алқасы төр­айы­мы Әлпейісова Қалампыр және Шұбар ауылының үлгілі отба­сы­лары Оспановтар әулеті қа­тыс­ты.
Бұған дейін де мұндай іс-ша­­ралар аудандық әйелдер кең­е­сі­­н­ің төр­айы­мы Тәй­те­лиева Гү­лия­­­­ның ұйым­­дас­ты­руы­мен бір­не­ше ауыл округтерінде өт­кен бо­ла­тын.
Шұбар ауылының үлгілі отба­сы­­­ла­ры Оспанов Дұрысбек пен Ос­па­­­нова Ұлбосын 2-ұл, 3-қыз өсіріп, 15-не­мере сүй­ген үлгілі аза­мат­тар. Ос­панов Дұ­рыс­бек «Шұбар» өн­дірістік кооперативінің төра­ға­сы, Ос­­панова Ұл­босын аудандық ау­ру­­хана дә­рі­ханасының мең­­ге­ру­шісі бо­­лып жұ­мыс іс­теген. Қа­зір­гі таң­да екеуі де зей­нет­кер. Ұл­ды ұя­­ға, қыз­­­ды құт­­ты орын­­дарына қон­­дырып отыр­­­­­­ған аяу­лы жан­дар.
Іс-ша­­раға қа­тыс­­қан қо­нақтар от­ба­сын­дағы сый­ластық, тәр­бие, ата-ананың мін­деттері қандай екенін кеңінен әңгімелеп, өздерінің өмірден көрген, түйген ойларымен бөлісті. Интернеттің дамыған заманында қазіргі жас­тар­дың барлығы теле­фон кө­ріп, соған еліктеп оты­ра­ды. Жас­тар көп уақытын теле­фонға емес, кітап, газет-жур­­­нал­дар оқы­са де­­ген ойларын да тілге тиек ет­ті.
Отбасының бір­лігі мен ын­ты­мағы, отбасына де­ген жауап­кер­ші­ліктен, ерлі-зайып­тылардың бір-біріне түсініс­тікпен, силас­тық­пен қа­рауы­нан тұ­ратынын айтты. Өне­гелі отбасы­ның не­мерелері өлең айтты, би биледі. Кі­тап­хананың кішкентай оқыр­мандары да қара өлеңнен құр еместіктерін көрсетіп, ақындар­дың өлең шу­мақ­­тарын жатқа ай­тып берді.
Іс-шара соңында аудандық әйел­дер кеңесінің төрайымы қо­рытынды сөз сөйлеп, ауданның құр­метті аза­маты, ауылдық әже­лер алқасының төр­айымы Ертай Рымкүл, үлгілі от­басы Оспа­нов­тар, кітапханашы Еш­мұрат Әсем алғыс хатпен мара­пат­талды.
Одан кейін бұл игі іс-шара Қа­распан ауыл округіне қарасты Бер­ген ауылында жаңадан пай­да­ла­нуға бе­рілген мәдениет Үйінде жал­ғасын тапты. Онда ауыл кітап­ханашысы Қазыбаева Роза, Сейітқұлов Құнанбай, Төлебаева Масаты және Сығаева Базаркүл отбасы­лармен таныстырды.
Сейітқұлов Құнанбай мен Сейіт­­құ­лова Райхан 2 ұл, 3 қыз өсі­ріп, 22 немере, 9 шөбере сүйген өне­­гелі жанұя. Сейітқұлов Құ­нанбай мек­тепте директорлық қызметті ат­қарса, Сейітқұлова Райхан мұ­ғалім бол­ған. Қазір екеуі де зей­нет­кер. Бұ­лардың отбасындағы ұс­­таным­дары, әу­лет­тің білім сала­сына сіңірген еңбектері ту­ралы, бала тәрбиесі, үйдегі ын­ты­­мақ пен сый­лас­тық туралы ке­ңі­нен әңгі­ме­лен­­ді. Бала­ларының бә­рі де жоға­ры білімді, әр түр­лі са­лада ең­бек етіп жүргенін айтты. Не­мере­лері «Наз қоңыр» то­бында ән айта­ды екен. Құнанбай Аружан мен Әмәнәлі Еркеназ «Бұл­қынды жү­­рек» әнін дом­бы­ра­мен құлақ­тың құрышын қан­ды­ра орындап берді.
Онан кейін Қараспан ауы­лы­ның әжелер кеңесінің төрайымы Тө­­­лебаева Масаты 30 жыл пош­тада жұмыс істеп зейнеткерлікке шық­қан. Ақ жаулықты ана 1 ұл, 1 қыз өсіріп, 10 немере тәрбиелеп отыр. Бала тәр­бие­сі­не, от­ба­сының ауыз бір­ші­лігі, келін, қыз тәр­­бие­сіне ерек­­ше тоқталып, өмір­­де бо­­лып жатқан келеңсіз мә­се­­лелерді сөз етті. Немере­ле­рінің же­тістіктері туралы да айтуды ұмыт­­қан жоқ. Не­мересі Ермек­қы­зы Ұл­да­­най Б.Оңтаев атын­­­дағы мек­теп­тің 4-сынып оқу­шы­сы.
Та­лай жа­рыстарға қатысып, жүл­делі орындарға ие болған екен. Ақтөбе қа­ласында өткен жарысқа жүрер­де мектеп ұжы­мының көп көмегі тиіпті. Әсі­ресе мектеп ди­рек­то­ры­ның міндетін уақытша ат­қа­ру­шы Әбілдабекова Қасиетке айтар алғысым көп деп, сөз арасында оны да айта кетті. Ермекқызы Ұлданай бірнеше әндер орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Төреарық ауылының әйелдер кеңесінің төрайымы Сығаева Базаркүл 2 ұл, 4 қыз өсіріп, 20- дан аса немере тәрбиелеп отырған жан. «Балаларым ешкімнен кем бол­масын деп жұмыс таңдаған жоқ­пын. Оларды оқыттым, бәрі де жоғары білімді, ұлды-ұяға, қызды-қия­ға қондырып, бей­не­тімнің зей­не­тін көріп отыр­мын» — дейді. Үй бо­ламын деген адам барлық нәрсеге тө­зе білуі керектігін сөз етті. Бұл от­­ба­­сыларда өзара сыйлас­тықт­ар­ы­­ның зор екенін, тәрбиелі ұрпақ өсіріп отырғандарын көр­сете білді.
Игі іс-шараның жалғасы Бөр­жар ауылдық округіне қарасты мә­дениет Үйінде өт­ті. Ауылдық кітап­ха­нашы Бе­­гімбет Нұрсұлудың ұйым­­д­ас­ты­руы­мен
Тұң­­­ғышбаев За­ман­­бай, Сей­дуәлі Ос­пан­­ның от­басы­ла­рымен кез­десу ұйым­­­дас­ты­рыл­ды. Оған ау­дан­дық әй­ел­дер ке­ңесінің төр­­айымы Тәй­те­лиева Гү­лия, ау­дандық кітап­ханалар жүйесінің директоры Еспенбетова Фе­руза, Бөржар ауыл­дық әйелдер кеңе­сінің төрайымы Аб­дул­даева Салима, «Нұр Отан» партиясы Бөр­жар ас­тауыш ұйы­мының төр­айы­мы Тұ­рыс­бе­кова Анар, әкелер ке­­ңе­сінің төр­ағасы Нұрбай Арыс­бек қа­тысты. Жиын­ды Абай атын­да­ғы орта мектептің 9-сынып оқушы­лары Әбді­ра­хым Нұрсәуле мен Тастан Ақбота жүргізді.
Келген қо­нақтармен таныстырып, Әбді­ра­хим Ақсәуле «Анашым» әнімен кешті бастады.
Үлгілі отбасы Тұңғышбаев За­ман­­бай мен Тұңғышбаева Өлмес 62 жыл бірге өмір сүріп, 27 немере, 22 шө­бере көрген қариялар. «15 жа­сым­нан колхоздың қойын бақ­тым. Ең­­бекке ерте араластым. Бірақ одан жаман болған жоқпын. Со­ны­мен от­басымды асырадым, апа­ла­рың­мен отбасын құрып, 3 ба­ла, 5 қыз өсіріп тәрбиеледік.
Бәрін оқыт­тық, үйлі-жәйлі еттік. Қазір жа­сым 82 де» — деп бастады әңгімесін За­манбай қария. Жастар тек еңбек ету керек. Жанұя құрған жастар ал­дарына мақсат қою керек. Әке-ше­­шенің дайындап берген дү­ние­сіне еге болып отыра бермей, алға қарай ұмтылғаны жөн. Әйел адам ерін сыйлап, соның де­генімен жү­ре­тін болса, ол отба­сы­нда ын­ты­мақ та, бақ-береке де, сый­ластық та бо­лады. Ондай ортадан шық­қан ба­ланың да тәрбиесі жақ­сы бола­ты­нына сенемін деді қа­рия.
Сейдуәлі Оспан мен Тәжібай Ұл­жалғас 2 ұл, 2 қыз өсірген, 9 не­ме­ре­нің ата-әжесі. Отағасы жеке кә­сіпкер, отанасы ұлағатты ұстаз бол­ған, қазір зейнеткер. Абай атын­да­ғы орта мектептің тәрбие ісі жө­нін­дегі орынбасары қыз­ме­­тін атқ­ар­ған. Бұлар да ба­ла тәр­биесі, от­басы құн­ды­лық­­тары, ене­мен келіннің сый­­­лас­ты­ғы, қыз тәр­бие­сі ту­ралы әң­гі­ме­ле­ді. Немерелері өлең оқып, ән айтты, әже мен не­­ме­ре­­нің ара­сын­дағы бай­­­ла­ныс­ты сах­­­­нада кө­рі­нісетіп көр­сетті.
 Кел­ген қо­нақ­тар сөз сөйлеп, өз ой­ларын ор­таға салды. Ау­дан­­дық әйелдер кеңесінің төр­айымы Тәй­­телиева Гүлия кел­ген қонақ­тар­­ға алғыс хат тап­сырып, иық­та­ры­на орамал жапты. Осын­дай ауыл­­­ғ­а, елге үлгі-өнеге болып отыр­­­ған азаматтардың та­ту­лы­ғы, бірл­ігі өзгелерге, жас­­та­р­­ға үлгі болады деген ойдамыз.
 Айнұр ҚОЖАГЕЛДИЕВА.