ОТБАСЫ, ҚОҒАМ – БАЛА ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ОРТА
Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназия-сында аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Отбасы, қоғам-бала тәрбиесін қалыптастыратын орта» тақырыбында сынып жетекшілері мен ата-аналар арасында кездесу өтті.
Оған аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Мұратбек Ұлтусын, мектеп директоры Шәдіқожа Шолпан, орталық аурухана психологы Өмірзақ Нәзира, ата-аналар кеңесінің төрағасы Қожагелдиев Асқар қатысты. Оны мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ізтілеу Алтыншаш жүргізді. Іс-шара пікір сайыс форматында өтті.
Алғашқы сөз мектеп директоры Шәдіқожа Шолпанға берілді. Ол өз сөзінде оқушылардың онлайн форматында оқығанын, біраз уақыт мектептен алшақтап қалғанын, енді офлайнға ауысқанда біраз қиыншылықтар болғанын, енді бәрі реттелетінін сөз етті.
– Балалардың білімі бәрінен де жоғары, алдыңғы қатарда болуы тиіс. Онымен қоса тәртібі, тәрбиесі де қатар жүреді. Бала ұяда не көріп өссе, ұшқанда соны іледі. Бала жақсы ортада өссе, ата-ананың тәрбиесі қаталдау болса, айналасындағы достары дұрыс болса, онда ол бала да өзін жақсы ұстайды. Сондықтан ата-аналар, сіздер болып, мектепте ұстаздары бар, тәрбие ісі жөніндегі, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары бар, қандай жағдай болса да бірлесіп шешудің жолдарын қарастырайық.
Әлеуметтік желінің дамыған заманында мектептегі жағдайлар туралы неше түрлі теріс ақпарттар таралып жатады. Ондай ақпараттарға сене бермей, тікелей мектепке келіп, бізден сұраңыздар.
Ақ қарасын ажыратып алыңыздар, — деді ол.
Жиынға қатысқан қонақтар өздерінің ойларын ортаға салды. «Отбасы – ұлттың тірегі», «Әке қадірі» тақырыбында бейнероликтер көрсетілді. Сол бойынша ұстаздар, ата-аналар өз ойларын айтып, бала тәрбиесі, баланың бойындағы жағымды-жағымсыз қасиеттері туралы әңгімеледі. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Мектептің педагог-пси-хологтары Умарова Жанна мен Тұранқызы Айна «Отбасында бала тәрбиесі» тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Баланың жанұядағы және ішкі мәселелерін ашық талқылауға, баланы мазалап жүрген жағдайға түсіністікпен қарап, сұрап білуге, өмірлік мақсат құра білуге және орындауға талпынуына көмектесіңіз деп, психолгтар өз ақыл-кеңестерін берді.
Мектеп психологы Айна Тұранқызы өз балаңызға жақсы көңіл бөліңіз, қарым-қатынаста шыншыл болыңыз және сүйе біліңіздер, – деп сөзін қорытындылады. Белсенді қатысқан аналар марапатталды.
Би үйірмесінің жетекшісі Сопбекова Маржан шәкірті, 9-сынып оқушысы Жәмәділ Кәусармен «Тор жорға» биін биледі. Ержанұлы Абдуғазиз «Достарым менің золотой» әнін орындап, келген қонатардың қошеметіне бөленді.
Айнұр ҚОЖАГЕЛДИЕВА.