БАЛУАННЫҢ ОТБАСЫ

1716

Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының отбасы. Әр түрлі тағдырдың жазуымен болар төрт рет отбасы құрған, яғни төрт әйелі болған.

1909 жылы сонау Рига қаласында гострольмен жүргенде ат үстінде ойнайтын цирктегі поляқтың акробат қызы Н.Н.Чепковскаямен танысып үйленген. Бұл отбасымен Омбы қаласында тұрған. Мұсылманша неке қидыртып, Қажымұқан әйелі Надеждаға Батима деп ат қояды. 1910 жылы дүниеге Халиолла Мұқанов, яғни тұңғыш ұлдары дүниеге келген.

Бұл отбасымен бірге палуан ұзақ тұра алмаған, себебі біріншіден, ол кезде палуан бір жерде, бір елде тұрақтап тұрмаған, гострольдік сайыстарға айлап — күндеп елден жырақ әр мемлекетке шығып жүретін болған. Екіншіден сол кездегі саясаттың белгісіз себептеріне байланысты болуы керек палуан отбасынан жыраққа кетуіне тура келіп, айырылысып қалады. Бірақ бүгінде сол Омбыда Халиолладан тараған ұл-қыздардың үрім — бұтақтары тұрып жатыр. Халиолла 1991 жылы дүниеден қайтты.

Палуан елге келгеннен кейін, 1925 жылы екінші рет қазақ әйелі Ырыстыға үйленген. Бұл некеден Қажымұқанова Азия, София, Рашида атты үш қыз туылған. Бірақ өкініштісі соңғы екі қызы анасымен бірге, сол кездегі медициналық емі белгісіз аурудан қайтыс болып, палуанға ауыр соғады. Бірақ бүгінде қызы Азияның тұрмыс құрған елі Қызылорда облысы, Шиелі ауданында, қыздан тараған ұрпақтар, яғни жиендер тұрып жатыр. Бүгінде Азия да өмірден озған.

1936 жылы елдегі түрлі саяси себептермен елден жырақ жүрген палуанға   хабар жіберіліп, елдегі жалғыз немере ағасының қайтыс болғанын, артында қалған жесірі мен балдарына еге болуы керектігін айтады. Осылайша үшінші некесі әмеңгерлікпен қосылған Мінайымға үйленеді. 1939 жылы дүниеге Айдархан Қажымұқанов туылған.

Бұл отбасымен палуан қазіргі Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінде, Қажымұқан ауылында тұрған. Бұрын Ленин-ту деп аталған. Бүгінде Айдарханнан тараған ұл мен қыз Түркістан облысының ауылды-қалалы әр жерлерінде жеке-жеке отбасы болып тұрып жатыр. Айдархан 1991 жылы дүниеден озған.