ҚАЛАДА 112 308 АДАМ РЕВАКЦИНАЦИЯЛАНДЫ

508

9 ақпан күнге коронавирустың 37 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 29, белгілері жоқ – 8). 12 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 25 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 783 орын бар, төсек орын толымдығы 26%-ды құрайды, 578 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 205 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде –
130 төсек орын бар, 24 науқас ем қабылдауда.

Бір тәулік ішінде қалада 302 адам вакцина алды
(I компонент- 178, II компонент- 124). Егу науқаны басталғалы барлығы 597 341 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 583 468 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Pfizer вакцинасының I компонентін 46 564 адам, II компонентін 21 738 адам қабылдады.

Сондай-ақ, 112 308 адам ревакцинацияланды.