ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТА 7 ЖОБА ҚАРАЛДЫ

811

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылған жиынға жауапты сала жетекшілерi мен кәсіпкерлер және инвесторлар қатысты.

Жиында шетелдік және жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен жүзеге асырылатын 7 инвестициялық жобаның мәселесі қаралды.

▪️Олардың бірі — жүкті әйелдерді тәулік бойы бақылайтын телемедицина орталығы. Инвестициялық жоба туралы польшалық инвестор Евгениуш Форманюк таныстырып өтті. Жобаның инвестициялық құны 1,44 млрд. теңгені құрайды.

▪️Онлайн арқылы байланысқа шыққан ивестордың бірі пакистандық кәсіпкер Шоаиб Басра. Ол құны 2 млн АҚШ доллары болатын мұздатқыш камералар мен қойма кешені жобасын таныстырды.

▪️Штабта бұдан бөлек, полимерлі құбырлар өндірісі, құлпынай мен көкөністерді жыл бойы өсіру бойынша жылыжай кешенінің құрылысы, емхана құрылысы, «Шымкент сити» аумағында сауда-ойын-сауық кешені сынды 5 инвестициялық жобаның мәселесі қаралды.

Барлық жобалардың жүзеге асырылу барысы мен мәселелері талқыланған жиында шаһар басшысы әкімдік тарапынан әрбір жобаның жүзеге асырылуы бойынша тиісті қолдау көрсетілуін және құжаттарының рәсімделуі бойынша сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent?lang=kk