“АЙДАЛАДА ЖҮРГЕН ӘКІМНЕН, АҚДАЛАДА ЖҮРГЕН ӘКІМ ЖАҚСЫ…”
Әкімің халықпен бірге жүрсе жақсы, бірге жүрмесе несі жақсы? Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова Ақдала ауылына барғаны жақсы бопты. Әрине, әкіміңнің “айдалада” жүргенінен гөрі, Ақдалада жүргені кім-кіиге де жақсы екені рас. Қуанып қалдық. Дұрыс бопты. Не ғой… Арыстың әкімі Гүлжан Құрманбекова қай-кезде де халықтан қашатын әкім емғс. Мәселеге бетке-бет бара алады. Ол, мәселені өткір айтатын “қатын-қалаштан да ” қашатын әкімнің сортынан емес. Білсеңіздер керек, біраз жыл бұрын Шымкентте әйелдері шу шығарып, әкімдікке барғанда “зың” әкімнің өзі “зым-зия жоғалып”, ашық әңгімеге осы Гүлжан Құрманбекова барған. Сол сабырлы халпын жоғалтпайтын Гүлжан Құрманбекова Ақдала ауылында жұртпен жүзжесіпті. Ол туралы баспасөз қызметі былай хабарлайды:
Бүгін қала әкімі қаламызға қарасты Ақдала ауылдық округ тұрғындарымен кездесті. Кездесуде негізінен өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдары талқыланды. Жиын сұрақ-жауап форматында өтіп, тұрғындар көкейде жүрген сұрақтарына тұщымды жауап алды.
Жиында шаһар басшысы 2021 жылы атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталды.
«Өткен жылы қаламызда «Ардагерлер орталығы», «Тең қоғам», «Неке сарайы» орталықтары, «Теміржолшылар» саябағы, «Әлеуметтік дүкен» халық игілігіне берілді. Бұдан бөлек, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін қала ішінде 3 бағытта қоғамдық көлік жүргізілді және биылдан бастап барлық елді мекендерге автобус қатынауда», — деді Гүлжан Мамытқызы.
Бұдан бөлек, қала басшысы 2021 жылы Ақдала ауылдық округінде атқарылған жұмыстар туралы қысқаша баяндап, алда жоспарланған жобаларға тоқталды.
Бүгінгі таңда Ақдала ауылынан 240 орындық клуб кешені мен кітапхана нысанының жобалық-сметалық құжаттары толығымен әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Алдағы уақытта «Ауыл — ел бесігі» жобасына ұсынылмақ.
Бұдан бөлек, аталған ауылдық округке қарасты П.Арапов елді мекеніне балалар ойын алаңшасы мен «Воркаут» тренажерларын орнату жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ, биыл құны 6,2 млн теңге болатын мал тоғыту ваннасы пайдалануға берілмек. Одан бөлек, Ақдала ауылында ветеринариялық клиника құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткен.
Кездесуде ауыл тұрғындары көкейде жүрген сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды.
“ARA-ақпарат”