ШЫМКЕНТ: КЛИНИКАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНДА ЖАҢА ХИРУРГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ҚОСЫЛДЫ

576

Шымкент қаласындағы клиникалық балалар ауруханасы 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмектің барлық түрлерін көрсетуге арналған көп салалы аурухана. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аурухананың тыныс-тіршілігімен танысты.
Балалар ауруханасы 315 төсек-орынға лайықталған. Мұнда 20 профилді бөлімше болса, оның 8-і хирругиялық бағытта қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, аурухана құрамында күндізгі стационар, сәулелі диагностикалық орталық пен жарақат бекеті бар.
Мемлекет басшысы биылғы жылы балалар жылы деп жариялады. Осы бастаманы қолдай отырып, қалалық балалар клиникалық ауруханасында балалар денсаулығын жақсарту үшін оң өзгерістер орын алуда.
Аурухана ішінде хирургиялық қызметті дамыту мақсатында жаңа профильдер ашылды. Атап айтқанда — нейрохирургиялық, күйік, урологиялық, торакальды хирургия, нейрохирургиялық медициналық оңалту бөлімшелерінің қызметтері жолға қойылды. Неонатальды хирургиялық көмек көрсету түрі ұлғайып, жаңа туылған балаларға медициналық көмек тек қалалық балалар ауруханасында көрсетіле бастады. Нейрохирургиялық оталарды жандандыру мақсатында соңғы үлгідегі заманауи аппараттар орнатылды.

-Қаламыздағы медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жаңғырту, балалардың денсаулығын жақсарту басты міндетіміздің бірі болып табылады — деді қала басшысы.


Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фотоға түсірген Береке Сейітжаппар

 

Дені сау ұрпақ – мемлекет байлығы. Өсіп келе жат жас ұрпаққа, ауыл жастарына адам денсаулығының қымбаттылығын,  өмір сүру  қажеттілігін,  бағалы байлық екені түсіндіріліп, еңбек етудің маңызы,  денсаулығын сақтау үшін дұрыс тамақтану,  спортпен шұғылданудың өзектілігі айтылды.
Болашақтың кепілі-дерт жабыспаған денсаулық, сыр бермейтін саулық. Ал темірдей төзім мен қажымас қайратқа ие болу үшін салауатты өмір салтын ұстану керек. Дұрыс тамақтану, зиянды әдеттен аулақ болумен қатар күнделікті жаттығу жасауды дағдыға айналдырған артықтық етпейді. Сондықтан, денсаулық мықты болуы  бұқаралық спортпен шұғылданып тұруды дағдыға айналдырған абзал.
Дені сау ұрпақ-ел болашағы. Тәуелсіз Қазақстанның кемел келешегі шыныққан, денсаулығы мықты, саламатты өмір салтын ұстанған ұрпаққа байланысты. Кез — келген мемлекеттің басты байлығы — адам және оның денсаулығы. Денсаулығы мықты, шымыр да шыныққан, бәсекеге қабілетті ұрпақтың алатын асуы биік болатындығын уақыттың өзі дәлелдеп отыр.

Аида Айтенова