«АЛТЫНҒА БЕРГІСІЗ-АЛАША» ЭТНОФЕСТИВАЛІ

477

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында екі күндік «Алтынға бергісіз-Алаша» этнофестивалі өз мәресіне жетті. Елімізде алғаш рет қолға алынған фестивальдің мақсаты: дәстүрлі қолөнер бұйымдарымен айналысып жүрген еліміздің шартарапыннан келген қолөнер шеберлерінің өнімдерін насихаттау, кеңінен қолданылуына мұрындық болу. Шетелден нарықты жаулап алған түрлі тұрмыстық бұйыдардан гөрі өзіміздің өнімдерге деген қажеттілікті сұранысқа айналдыру.

Іс-шараға қатысқан барлық шеберлер  алғыс хаттармен марапатталды. Мұнан кейін, шеберлер Қолданбалы өнердің бірнеше түрін меңгерген Болат Бейісбеков ағамыздың  “Алтын Орда” арт галереясында бас қосып, өзара ой пікірлерімен бөлісіп,   дастарханнан дәм татты.

 

 

Фестивальге Елордадан Мейрамгүл Адахқызы, Атыраудан Ғалия Рысқалиева, Тараздан Салима Усибалиева, Қызылордадан Гүлнар Анапияева, Түркістан өңірінен Мереке Айдарша және жергілікті дәстүрлі қолөнер шеберлері Хаулат Қаржауова, Күлаш Айдарбекова, Мадина Ахметқызы, Гүлмира Серперовалар қатысып, бірінші күні алаша тоқудан шеберлік-сабағын өткізді. Шеберлер алаша тоқу үшін жіпті иіруден бастап, дайын болғанға дейінгі үрдістің қалай жүргізетінін, оюлардың ерекшелігін баяндап берді.

 

Екінші күні орталық залында ғылыми тәжірибелік семинар өтті. Семинар барысында қолөнершілер еларасындағы шеберлерден көрген түйгендерін бүгінгі замани бағытқа үйлестіре презентациялар жасап, креативті таныстырылымдар өтті. Шара соңында тоқыған алаша, басқұрларын орталық қорына тарту етті. Хас шебер Бибажар Симова келіп шашақ кәде сыйларын сыйлады. Жиналған қауым көрмеге қойылған экспонаттарды ұзақ уақыт тамашалап, тамаша әсермен тарады. Іс-шараға қатысқан барлық шеберлер  алғыс хаттармен марапатталды. Мұнан кейін, шеберлер Қолданбалы өнердің бірнеше түрін меңгерген Болат Бейісбеков ағамыздың  “Алтын Орда” арт галереясында бас қосып, өзара ой пікірлерімен бөлісіп,   дастарханнан дәм татты.