ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

569

Бүгін аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен қазыналы қарттар күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Сарыағаш қаласында орналасқан «Кәусар холл» салтанат сарайында дастархан жайылып, аудан қарттарының бастарын қосты.

Мерекелік шарада аудан әкімі М.Отаршиев сөз алып, үлкенге құрмет жасау халқымыздың бойына сіңген ерекше қасиет. Бұл ұрпақтар сабақтастығының жарасымды жалғасы. Еліміздің қазіргідей биік белестерден көрініп, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы жолында сіздердің қосқан үлестеріңіз ұшан-теңіз. Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында қарттарға, сонымен қатар мүгедек жандарға баса назар аударып, зейнетақы мен жәрдемақының сатылап көтерілуіне, оларға деген қамқорлықтың арта түсуіне жағдай тудырып отыр. Өмірден көргені мен тоқығаны мол қарияларымыз – біздің баға жетпес байлығымыз. «Сіздерге қамқорлық жасау – біздің перзенттік парызымыз». Сіздердің орасан зор еңбектеріңіз, елдің экономикасын көтеру, Отанды қорғау үшін жасаған игі істеріңіз ешқашан ұмытылмайды. Баршаңызға мықты денсаулық, әр отбасыға береке, бірлік, мейірім мен шуақты ғұмыр тілеймін. Мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын!-деп ізгі тілегін арнап, бірқатар аудан қарияларын әлеуметтік-экономикалық, әсіресе қоғамдық-саяси өмірінің дамуына қосқан орасан зор үлестері үшін төс белгілері және алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ мерекелік шарада аудандық мәслихат хатшысы С.Тасқұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов мерекемен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен үйлесімін тапты. Дастарханнан басында қарттар бір-біріне алғыстары мен құттықтауларын айтып, мерекелік көңіл мен әсем әндерін шырқады. Дана қазақ халқы ежелден қарияларды ерекше сыйлаған.