БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ МЫҢБҰЛАҚТЫҚ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

209

Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков бекітілген кестеге сәйкес Мыңбұлақ ауылында округ тұрғындармен кездесті. Кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан аудан басшысына ұсыныстар мен өтініштерін жеткізіп, бірқатар сұрақтар қойды.

Айтылған ұсыныстар мен пікірлер назарға алынып, хаттамаға енгізілді. Ержігіт Шәріпбекұлы тұрғындардың көтерген ұсыныстары бойынша Мыңбұлақ және Бестоғай елді мекендердегі мектеп алдындағы жол бойларына жол белгілерін (жылдамдық, жол кедергілер, жаяу жүру жолағы) орнатуға 2023 жылға ұсыныс беру, Мыңбұлақ елді мекенінің кіре берісіне АПБ-мен бірлесе тиімді жерге бейнекамера орнатуды ұйымдастыру бойынша келесі жылға ұсыныс беру, ауылдық округтегі табиғи газды (қостыру) пайдалану бойынша елді мекен тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, Мыңбұлақ елді мекеніне балалар ойын алаңшасы мен футбол алаңын салуға қаржысын есептеп ұсыну, Бөген ЖОМ-де менталды арифметикалық үйірме ашу бойынша тиісті салалық басқармаға ұсыныс хат жолдау жөнінде тиісті сала бойынша орынбасарлары мен бөлім басшыларына және ауылдық округі әкіміне мерзімін белгілеп нақты тапсырма жүктеді.

Жиынды аудандық мәслихаттың хатшысы Асқар Кенехан жүргізіп отырды.