КЕЛЕС: САУДА НҮКТЕЛЕРІНДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Адамзат үшін тілсіз жаудың бірі – өрт. Оның айтып келмейтіні түсінікті. Дегенмен қауіптің алдын алдын алу шаралары арқылы оның зардабын азайтып, адам шығынын болдырмау мүмкіндіктері де бар. Солардың қатарына өрт қаупінің алдын алу шарасы жатады. Осы мақсатта бүгін Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жиын өтті.
Жиынға аудан прокуроры Б.Сейфолла, аудан әкімінің орынбасары С.Қарақұлов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары мен аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Е.Жаппаров, «Amanat» партиясының Келес аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Жұмабеков және аудан аумағындағы сауда орындарының басшылары қатысты.
Сауда орындарында өрт қауіпсіздігі ережесі сақталуы бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің маманы Ш.Уатбаев мәлімет беріп өтті. Бас қосуда базар аумағында өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау, өрт сөндіру көлігінің кедергісіз сауда орындарына жетуіне жағдай істеу, электр жүйелерінің ретті орналасуы жайы сөз болды. Көтерілген мәселелер бойынша ұсыныстар тыңдалды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі А.Есбаев барлық құзырлы органдар мен жауапты сала басшыларына базар жұмыстарын реттеу бағытындағы барлық заңдармен қаралған құқықтарын өз дәрежесінде қолдана отырып, белсенді түрде жұмыс істеуді, ондағы өрт қауіпсіздік талаптарының сақталуын қадағалауды және базар маңындағы автотұрақ мәселесін реттеуді тапсырды.